Буаз киіктерді атуды шұғыл тоқтату керек — этнограф

2193
Adyrna.kz Telegram
Сурет: mir24.tv
Сурет: mir24.tv

Аңшы Батыр Сейкеновке үн қосу! Буаз киіктерді атуды шұғыл тоқтату керек. Желтоқсан айы – «киіктің матауы», киіктің текелері үйірге түсіп «маталанды», қазір ұрғашы киіктер буаз. Қазақ халқы ертеден түз аңдарын ұйығатын, төлдейтін уақытында, құстарды жұмыртқалайтын, балапанын басатын уақытында ауламаған. Үкімет «киік саны көбейіп кетті», - деп «санын реттейтін жануарлар» санатына кіргізді. Киік үйірін қуалап жүріп оқ астына алған, зоо-репресия жағдайында «матау» қалай өтті, зоопсихологиясы, табиғаттағы тепе-теңдік не болды?

Киік неге көбейді? Себебі қасқырды қырып, санын азайтып тастадық. Сыр-Аралда, қазақ жерінің батысында болған «қызыл қасқыр» бұл күні бұл өңірде мүлдем жоқ.  Табиғатта артық тіршілік иесі жоқ!. Жыртқыштарды, бүгінгі қасқырды «адам-жыртқыштар» қырмаса, жыртқыштар түз аңдары санын өздері реттеп отырады.

Қазақтар табиғатты тану тәжірибесінде жабайы жануарлардың жай күйін, мекен ететін ортасын тани білді, олардың ерекшелігімен санаса білді. Ертеде қазақтар қасқырды малын тартып кетсе де ұйығар алды қаңтарда, ұйығатын  ақпан айларында, төлдейтін сәуір айында қақпан салмаған, атпаған, бұл дала заңы, аңшылық серті!  Ал, біз бұл күні неге «киеден» қорықпайтын қатігез болып кеттік! Дала азулысы Тұран жолбарысының өзін, кер дала еркесі Тарпаңды «адам-жыртқыштар» жойып келмеске жіберген жоқ па?.

Тәттігүл КАРТАЕВА,

этнограф, профессор

Пікірлер