Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы 2023 жылдың шілде айынан бастап енгізіледі

3002
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы 2023 жылдың шілде айынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Электронды үкімет порталына cілтеме көрсете отырып. 

Мұндай өзгерістер 1 шілдеден бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қабылданған Еңбек кодексіне енгізіледі.

ТК-ға сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылған (аптаның қанша күні болатыны, ұзақтығы қос тараптың ортақ келісімі бойынша белгіленеді).

"Қос тараптың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі...

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан - төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс».

Тиісінше, 84-бапта төрт күндік жұмыс режимінде демалыс күндері белгіленеді.

Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып саналады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасындағы екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді.

Заңгерлердің пікірінше, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істеудің бір аптасы, төрт күндік жұмыс аптасымен екінші апта сияқты жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе кеңсе қызметкерлеріне қолданылады және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер