Ақтөбеде жүргізуші 146 млн теңгенің тауары болған өз көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

3405
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтөбеде жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі ондағы тауарды өзі иемдену үшін көлігін қасақана өртеп жіберген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, ол желтоқсанның соңында Алматыдан Ресейге дейін тауар тиеп алған. Кейін Ақтөбеге келгенде тауардың 70 пайызын туысқанының үйіне түсіріпті. Сосын тонауды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Онда электроника, ұялы телефонның керек-жарағы, автомогнитола болған. Өзі жалға алған көлік тауарымен қоса өртеніп кетті деп жалтармақ болған жоспары іске аспай қалды.

“Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгенің заты бар екенін түсіндірген. Осы факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды”, - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Пікірлер