Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды

4054
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды. Тұрғындар пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымдануда. Бұл туралы Диапазон жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жылумен жабдықтаушы ұйым төтенше жағдайдың себебін арматуралардың зақымдануымен түсіндірді.

“7 қаңтарда кешке аяз күшейіп, түнде сырттағы ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеді. Түні бойы апат болып, адамдар жұмыс істеп жатқанын айтты. Таңертең жылуды қосуға әрекет жасады. Алайда ол жұмыс істемеді. Енді олар жылу жүйесіндегі суды қайтадан төгіп тастады”, - дейді тұрғындар.

Ал «Ақтөбе су-энерготоп» АҚ мәліметінше, төтенше жағдай Әбілқайыр хан даңғылы, 84 мекенжайындағы ысырмалардың зақымдалуымен байланысты болып тұр. Ол шұғыл ауыстыруды қажет етеді.

Кәсіпорынның мәліметінше, ыстық су мен жылу мына мекенжайлар бойынша шектелген:

  • Абылай хан даңғылы 64, 66, 68, 70, 70/1, 72, 74, 76, 78, 80, 82, 84;
  • М. Оспанов көшесі 52, 52/2, 54А, 54Б, 54/1, 54/2, 57;
  • Алдияров көшесі 2, 6;
  • Г. Жұбанов көшесі 50.

«Кәсіпорын мамандары жылу камерасында жұмысқа кірісті. Олар аяқталғаннан кейін ыстық су мен жылуды беру штаттық режимде қалпына келтіріледі», - делінген компания хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер