“Тегін орнатылды”: ШҚО-да орнатылған шырша тұрғындардың ашуын туғызды

3783
Adyrna.kz Telegram
Фото: әлеуметік желі
Фото: әлеуметік желі

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов ауылында орнатылған шыршаның суреті қызу талқылануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Құлаған бұтақтары бар шырша көпшілік сынына қалды. Пікір білдірушілер бұған қанша ақша жұмсалғанына жауап беруді талап етті.

"Шырша бюджет есебінен емес, тегін орнатылды. Енді оның орнына жаңа, жасанды шырша әкелеміз. Бірден айта кету керек, бұған бюджеттен ақша қарастырылмаған. Ұлан қоры бар. Біз сол қордың қаражатына жасандысын орнатуымыз мүмкін. Бірақ әзірге белгісіз. Бүгін ескі шыршаны алып тастадық, ертең жаңасын қоямыз", - деп жауап берді Ұлан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, шыршаның жергілікті тұрғынның өтініші бойынша қазып алынғанына көп болмаған. Ауыл тұрғыны ауласында өскен шырша күн сәулесін жауып тұрғандықтан алып тастауды өтінген. Ал әкімдік шыршаны қоқысқа тастамай, қайта отырғызып, жаңа жылға сәндеуді жөн көрген.

"Бұл шыршаны да тастамаймыз. Әлі де өңдеп, көшіріп, соңына дейін безендіреміз", - деп қосты Ұлан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер