Түркістан облысында жауын суына 2 жасар бала тұншығып қайтыс болды

3932
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

26 қазанға қараған күні Түркістан облысында нөсер жауын жауып, Сарыағаш, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында бірнеше тұрғын үйдің ауласын су алды. Жауын суына 2 жасар бала тұншығып өлген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Orca.kz сайтының мәліметінше, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досәлиевтің жауын түнімен жауғанын хабарлаған. Үш ауданда тұрғын үй аулаларын су алған.

“Сарыағаш ауданында екі мал қораға су кіріп, оннан аса мал суға тұншығып өлген. Қазығұрт ауданында бір қора құлады. Осы аудандағы тұрғын үй ауласындағы қазылған шұңқырға жауын суы жиналып, оған 2 жасар бала түсіп, тұншығып қайтыс болды”, – дейді басқарма басшысы.

Жауын әлі жауып тұр. Төтеншеліктер жұмысын жалғастырып жатыр.

Пікірлер