Катарда үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Қазақстандық екі құрама да іріктеу ойындарынан сәтті өтті. Өз тобындағы ерлер құрамасы Иракпен негізгі матчты құрғақ есепте жеңіспен аяқтады - 3: 0, деп хабарлайды olympic.kz. Содан кейін олар Мальдив аралдарының спортшыларын 3: 1 есебімен ұтты. Иорданиямен болған соңғы кездесуде де қиындықтар болған жоқ, есеп - 3: 0.
Жігіттердің қарқынын қыздар да қайталады. Қазақстандық теннисші арулар Бангладеш пен Шри -Ланка өкілдерінен мықты болды. Екі кездесу де 3: 0 есебімен аяқталды.
Бұл жетістік қазақстандық кіші ракетка шеберлеріне турнирдің негізгі ұтыс ойынына шығуға мүмкіндік берді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Оқушыларға үлгі болуымыз керек". Дене шынықтыру пәнінен орта мектеп ұстазы бірқатар жетістіктері мен мәселелерді атады
Сақалдары салаңдап, дамбалдары далаңдап дұғада жүретіндердің арқасында медалсіз қалдық - Айгүл Орынбек
