Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының негізгі кезеңіне өтті

5094
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/izobrazhenie_2021-09-29_145853.png
Катарда үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.  Қазақстандық екі құрама да іріктеу ойындарынан сәтті өтті. Өз тобындағы ерлер құрамасы Иракпен негізгі матчты құрғақ есепте жеңіспен аяқтады - 3: 0, деп хабарлайды olympic.kz. Содан кейін олар Мальдив аралдарының спортшыларын 3: 1 есебімен ұтты. Иорданиямен болған соңғы кездесуде де қиындықтар болған жоқ, есеп - 3: 0. Жігіттердің қарқынын қыздар да қайталады. Қазақстандық теннисші арулар Бангладеш пен Шри -Ланка өкілдерінен мықты болды. Екі кездесу де 3: 0 есебімен аяқталды. Бұл жетістік қазақстандық кіші ракетка шеберлеріне турнирдің негізгі ұтыс ойынына шығуға мүмкіндік берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии