Катарда үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Қазақстандық екі құрама да іріктеу ойындарынан сәтті өтті. Өз тобындағы ерлер құрамасы Иракпен негізгі матчты құрғақ есепте жеңіспен аяқтады - 3: 0, деп хабарлайды olympic.kz. Содан кейін олар Мальдив аралдарының спортшыларын 3: 1 есебімен ұтты. Иорданиямен болған соңғы кездесуде де қиындықтар болған жоқ, есеп - 3: 0.
Жігіттердің қарқынын қыздар да қайталады. Қазақстандық теннисші арулар Бангладеш пен Шри -Ланка өкілдерінен мықты болды. Екі кездесу де 3: 0 есебімен аяқталды.
Бұл жетістік қазақстандық кіші ракетка шеберлеріне турнирдің негізгі ұтыс ойынына шығуға мүмкіндік берді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge