Саратовтағы дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауыты өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ArbatMedia-ға сілтеп.
Оқиға 11 ақпанға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, зауыт аумағында өрт шыққан. Дегенмен бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
Саратов мұнай өңдеу зауыты – Ресейдегі ең көне кәсіпорындардың бірі, бұрын «Крекинг» зауыты ретінде белгілі болған. Қазіргі уақытта ол «Роснефть» компаниясының құрамына кіреді.
Облыс губернаторы дрон шабуылының қаладағы өндірістік нысанға зақым келтіргенін растады. Бірақ нақты қай кәсіпорынға зиян тигені жайлы мәлімет бермеді. Оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері дрондарды жойған, ал олардың қалдықтары түскен жерлерде төтенше қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Саратов - Қазақстанның батыс бөлігімен шекаралас аумақ.
Еске сала кетейік, 3 ақпанға қараған түні Ресейдің Астрахан және Волгоград облыстарына дронмен шабуыл жасалған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Қаңтарды қанға бояғанның бірі": "Газ қымбат болса, автобуспен жүр" дегендер еш жауапқа тартылған жоқ
Үкіметаралық комиссияның XII отырысында Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселесі талқыланды