Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға келді. Оны Астана халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманның құрметіне әуе айлағында салтанатты қарауыл жасақталды.
Өзбекстан басшысы 7-8 тамызда мемлекеттік сапармен елімізде болады. Сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, жұма күні, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтеді, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары қатысады.
Өзбекстан басшысы 7-8 тамызда мемлекеттік сапармен елімізде болады. Сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, жұма күні, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтеді, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары қатысады.Ұқсас жаңалықтар
АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.