Атырау маңында інісімен бірге суға батып кеткен қыздың денесі судан шығарылды. Құтқарушылар оны үш күн бойы іздеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 18:53-те Атырау қаласының Құрманғазы ауылында сүңгуірлер баланың денесін тауып, судан шығарып алған.
"Сүңгуірлер 1-3 тамыз аралығында барлығы 20 су асты сүңгуін өткізді. 12-15 метр тереңдікте алты мың шаршы метр аумақ зерттелді. Су астындағы іздеу жұмыстарына күшті ағын, су астындағы бөгде заттардың көптігі және нөлдік көріну кедергі болды", - деді аймақтық ТЖД.Айта кетейік, тамыз айының алғашқы күні Атырау маңында ағасы мен әпкесі суға батып кеткен. 9 жастағы қыз және 7 жастағы бала суға кетіп, көз жұмған еді. Құтқарушылар сол күні ұл баланың денесін тапқан болатын. Қыздың денесі кеше табылды.
Ұқсас жаңалықтар
"Құтқарудың орнына күліп тұрды". Балқашта қайықпен серуендеу кезінде үш қыз суға батып кете жаздаған