Қазақстан астанасы Қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы атауына оралса да, Астанадағы бірқатар мемлекеттік мекемелер өз мекендерін әлі де "Нұр-Сұлтан қаласы" деп көрсетіп келеді. Бұл туралы ҚазТАГ жариялады, деп “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, мемлекеттік сатып алулар порталында «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорны «Нұр-Сұлтан» атауын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы хабарландыруларды әлі де жариялайды.
Мемлекеттік кәсіпорынның порталдағы парақшасында аталған мекеменің толық атауы «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» деп көрсетілген.
Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№50 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны", "Нұр-Сұлтан қаласы «№ 2 өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген атаулар кездеседі. «Елордалық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны да"Нұр-Сұлтан" қаласының әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдарда тіркелген.
Еске салайық, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Мәжіліс депутаттары Қаңтар оқиғасынан кейін кейін үш жыл бойы «Нұр-Сұлтан» аталып келген Астана атауын елордаға қайтаруды ұсынған болатын.
Сол кезде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай "Нұр-Сұлтанның" атын "Астана "деп өзгерту бастамасына түсініктеме бере отырып, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне басқа да есімдер берілгенін айтты. Сол жылы 15 қыркүйек мәслихат қабырғасында атын өзгерту мәселесін қоғамдық талқылау өтіп, қоғам белсенділері елорданың бұрынғы атауы – Астанаға қайтарылуын қолдады.
2022 жылдың 16 қыркүйекінде парламент "Астана" атауын елордаға қайтару туралы түзетулерді мақұлдады. 17 қыркүйекте Тоқаев арнайы жарлығымен "Астананың" атын елордаға қайтарды.
"Қажымұқандай қазақтың рухын танытқан тұлғаның еңбегін лайықты бағаласақ, Джеки Чан тағы бірдеңе-сірдеңе деп жүрмейді жастар"...
