Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен баласының денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен әкелі-балалы үйіне қайта оралмаған.
Құтқарушылар бүгін 1976 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан болатын.
Алайда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 14 сәуір күні түскі сағат 13.40-та 6 сәуір күні жоғалып кеткен тағы бір ер адамның денесі табылды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ол таңертең сағат 9 шамасында табылған ер адамның ұлы екенін растап отыр.
Әкесінің денесі табылғаннан соң, артынша 24 жастағы ұлының мүрдесін анықтаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткені хабарланды
