"Әкелі-балалы". Су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның мүрдесі табылды

2092
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-үjler.jpeg
Атырау облысында су басу кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.  Құлсары қаласында құтқарушылар су тасқыны кезінде өз үйін тексеруге кеткен әкелі-балалыны бір аптадан бері іздестіріп жатқаны хабарланған. Алайда 1976 жылы туған ер адамның денесі бүгін су астынан табылған. Журналист Диас Нұрақын Facebook желісіндегі парақшасында:
"Құлсарыда суға кеткен екі адамның бірі табылды. Әкесі мен баласы су басқан үйлерін көріп келеміз деп із-түзсіз жоғалған еді. Бүгін әкесінің денесі су астынан табылды", - деп жазды.
Еске сала кетейік, 6 сәуірден бері Құлсары қаласында құтқарушылар үйлерді су басу кезінде жоғалған әкесі мен 2000 жылғы ұлын іздестіріп жатқаны туралы жазған едік. Олар Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4-ықшам ауданындағы Автодорожник көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары. Қазір жоғалған баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Комментарии