"Әкесімен бірге кеткен". Құлсарыда тағы бір адамның денесі судан шығарылды

3304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/suғa-batty-960x500.jpg?token=47bdd47c37f96f5e04126111a3a1ed73
Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен баласының денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен әкелі-балалы үйіне қайта оралмаған. Құтқарушылар бүгін 1976 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан болатын. 
Алайда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 14 сәуір күні түскі сағат 13.40-та 6 сәуір күні жоғалып кеткен тағы бір ер адамның денесі табылды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ол таңертең сағат 9 шамасында табылған ер адамның ұлы екенін растап отыр. Әкесінің денесі табылғаннан соң, артынша 24 жастағы ұлының мүрдесін анықтаған.
评论