Қазақстандық БАҚ-қа шабуыл ұйымдастырып, сотта есі дұрыс емес деп танылған олигарх Александр Клебановтың туысы Аркадий Клебанов кәдімгі психиатриялық ауруханада болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 1 қарашадағы шешімімен Клебановқа жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы емдеу шаралары қолданылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабының 2-бөлігіне сәйкес, психикалық жай-күйіне және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сипатына байланысты стационарлық емделуді қажет ететін адамға жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу және бақылау шаралары тағайындалуы мүмкін, бірақ қарқынды бақылауды қажет етпейді», - деп жауап берді Бас прокуратура ҚазТАГ редакциясының сауалына.Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Ішкі істер министрлігі Клебановтың қамауға алынғанын жариялаған болатын. Шабуылды ұйымдастырушылар бірқатар басылымдардың редакциясын өртеп, Ulysmedia сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға қоқан-лоққы көрсетуге дайындалып жатқан. Оның айтуынша, жалпы жоспарланған шаралардың кейбірі бұрмаланған және садистік сипатта болған.
«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық журналистерге шабуыл ұйымдастырған олигарх Клебановтың туысын сот мәжбүрлі емдеуге жіберді
