Маңғыстауда вахталық автобус мұнайшыны қағып кетті

298
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Kkwtf8Gb9e0izbK3zHfUq9Nnhfuaqqy9Jb1nzlD.jpg

Фото: видеодан алынды

Маңғыстау облысында вахталық автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан мұнай компаниясының қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна”.

Қайғылы жағдай 6 қараша күні сағат 11:30 шамасында Ақтау–Қаламқас тасжолының 170–171-шақырымында болған. Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған Daewoo маркалы вахталық автобус жолдан өтіп бара жатқан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметкерін қағып кеткен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік арнайы тұраққа қойылған.

Қазір полиция қызметкерлері жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы да қызметкерінің қаза тапқанын растады. Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Пікірлер