Душанбедегі форумда қазақстандық депутаттар экономикалық және цифрлық интеграция мәселелерін көтерді

294
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xrB3AknQ4mNOvXqP9dY1LJqvPL3CcKBUxTSRYZxD.jpg

29 қазан, Душанбе. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты.

«Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеужолындағы бірлік» тақырыбына арналған жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанпарламенттерінің өкілдері бас қосты.

Спикер жиын қатысушыларына арнаған сөзінде Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандажүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндады. Ол жаңа Конституцияныңқабылданғанына назар аударып, «Заң және Тәртіп» қағидатына, бірлікпен келісімге негізделген Әділетті, Прогрессивті және ҚуаттыҚазақстанды құрудың негізгі бағыттарын таныстырды. Соңғы жеті жылда Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесінде ел экономикасы 30 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың доллардан асты.

Сондай-ақ Президенттің кешегі Қазақстан халқына арнағанЖолдауының маңыздылығын тілге тиек етті. Аталған құжатта еліміздіңтүрлі салаларында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу міндетіқойылған. Бұл бастамалар елді жаңғыртып, қазақстандықтар үшін жаңамүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, жаңа жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен ауруханалар салу, ауыл шаруашылығы, көлік және су пайдалану салаларын цифрландыру, энергетика секторын түбегейліжаңғырту көзделген.

Құрылтай Төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысының бұлбастамалары Қазақстанның дамуына тың серпін беріп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия өңірінде экономикалық өсімге жәнеынтымақтастықты нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Кездесуде Айбек Дәдебай бұл форум өңірлік парламенттікынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. Оныңпайымдауынша, халықаралық жиын аймақтық тұрақтылықтынығайтуға, Орталық Азияны орнықты бейбітшілік пен ортақ даму кеңістігіне айналдыруға бағытталған.

– Бүгінде біз өңірлік, су және экологиялық қауіпсіздік, экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін талқылапотырмыз. Айтылғандардың барлығы Орталық Азия өңірініңтұрақты дамуы үшін аса маңызды. Қазіргі сын-қатерлерге тек парламенттеріміздің күш-жігерін біріктіріп, заң шығару жұмысынүйлестіріп, ортақ ұстанымдар қалыптастыру арқылы жауапберуіміз керек деп есептеймін. Парламенттік дипломатия нақтынәтижеге бағытталуға тиіс, – деді Құрылтай Төрағасы.

​Сонымен қатар ол мемлекет басшыларының бастамасымен XXI ғасырда Орталық Азияны дамытуға бағытталған достық, тату көршілікжәне ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау процесібасталғанын айтты. Бұдан бөлек, Парламентаралық форум, ОрталықАзия мен Әзербайжан елдері әйел көшбасшыларының диалогы, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастық диалогы сияқты алаңдар сәттіжұмыс істеп жатқанын баяндады. 

Талқылау барысында Қазақстан делегациясы өңірдегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрақты дамуды қолдауға бағытталған парламенттердің практикалық рөлін арттыру жөніндебірқатар ұсыныс білдірді.

Атап айтқанда, Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймақмәртебесін сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ Халықаралықбиологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасының өзектілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, көші-қонды бақылау мәселесі сөз болып,Қазақстанның осы бағыттағы заңнаманы үнемі жетілдіріп келе жатқаныжәне өз тәжірибесін өңірдегі басқа елдермен бөлісуге дайын екеніайтылды.

Экономикалық және цифрлық интеграция аясында электрондықсауда, кеден жұмысын электронды түрде басқару, инвестиция, көлікжәне өнеркәсіптік кооперация салаларында заңнамалық тәжірибеалмасу ұсынылды. Бұл бағыттағы құқықтық кедергілерді жою іскерлікортаны дамытуға жол ашады. Құрылтай Төрағасының пікірінше, мұндай бірлескен қадамдар Қазақстан Президентінің өңірішілік саудакөлемін 20 миллиард долларға жеткізу жөніндегі бастамасын жүзегеасыруға қажетті жағдай қалыптастырады.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі су және климат қауіпсіздігіболды. Құрылтай депутаттары әріптестерінің назарын Су пайдаланужөніндегі негіздемелік конвенцияны қабылдау жұмыстарын жеделдету қажеттігіне аударды.

Сондай-ақ Арал мәселесін шешу бағытындағы бірлескенжұмысты күшейту мәселесі көтерілді. Осыған байланысты Қазақстанделегациясы су және климат мәселелері бойынша сарапшылар мен Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдерін ұйыстыра отырып, тұрақты парламентаралық диалог орнатуды ұсынды.

Экологиялық тақырыпты жалғастырған Айбек Дәдебай өңірлікміндеттерді шешуге қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін тиімдіқұрал ретінде волонтерлік қозғалысты дамытудың маңыздылығын атапөтті. Ол волонтерлік бастамаларды парламент деңгейінде қолдаудыжәне жыл сайын Орталық Азияның экологиялық жауапкершілікапталығын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Құрылтай Төрағасы білім беру саласындағыынтымақтастықты кеңейту және өңір елдері арасындағы жаңатехнологиялар бағытындағы байланыстарды нығайтуперспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан ұсынғанЖасанды интеллект саласындағы Орталық Азия әріптестігібағдарламасын әзірлеу бастамасын заңнамалық тұрғыдан қолдаумәселесі сөз болды.

Құрылтай Төрағасы Индустрия 4.0 саласындағы өңірлікынтымақтастықты дамыту үшін өнеркәсіптік деректерді жинаубағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Бұл реттеҚазақстанда әзірленіп жатқан Kazakhstan Physical AI Data Factory тұжырымдамасын негізге алу ұсынылды.

Орталық Азия елдерінің күш біріктіруі Physical AI технологияларына арналған өңірлік деректер хабын қалыптастыруғажәне жаңа технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша форумғақатысушылар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытужөніндегі ортақ ұстанымдарды бекіткен Душанбе декларациясын қабылдады.

Сапар аясында Айбек Дәдебай Тәжікстан РеспубликасыМаджлиси Оли Маджлиси миллиінің Төрағасы Рустами Эмомалименжәне Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының ТөрағасыТанзила Нарбаевамен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздерде заңшығару тәжірибесімен алмасу жолдары талқыланды.

Форум барысында Құрылтай депутаттары өңірлік қауіпсіздік, парламенттік дипломатия, экономикалық интеграция және экология мәселелері қаралатын панельдік сессияларға да белсене қатысты. Шара соңында делегация басшылары Тәжікстанның ұлттық батыры Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Пікірлер