Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылығына бірқатар жаңа тағайындау жасалды, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Нұржан Қажыақбаров аппарат басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат басшысының орынбасарлары болды.
Тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бір кезде Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов "ұнамаса, көшіп кет" фразасымен аты шыққан. Ол қызметтен кеткен соң тексерілгені жайлы түрлі қауесет тараған.
Ұқсас жаңалықтар
