Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылығына бірқатар жаңа тағайындау жасалды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Нұржан Қажыақбаров аппарат басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат басшысының орынбасарлары болды.

Тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.



相关新闻

评论
相关新闻