Шетелде қайтыс болған қазақстандықтардың мәйіті туғандарына жіберілді

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6z3PRgCmqhyKrHRvXWZWeabczziwREjHLDYsxO5K.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы бір үйдің қыздары Ақжан және Жұлдыз Боханованың денелерін Қазақстанға жөнелтуді ұйымдастырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Бір үйдің қыздары Ақжан мен Жұлдыз Боханова Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында жұмыс істеген. 2006 және 2004 жылы туған қыздар тамыздың соңы – қыркүйектің басында Қазақстанға қайтуы керек болған. Алайда олар бір апта бұрын жақындарымен байланысын үзген. Қыздардың туыстары оларды барлық жерден іздегенін айтқан. Кейін БАӘ құқық қорғау органдары екі қазақстандықтың денесі табылғанын хабарлаған. Туыстарының айтуынша, қыздар қаза болған, ал күдікті ұсталған. Ол да Қазақстан азаматы. Қазіргі уақытта БАӘ құқық қорғау органдары қыздардың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірлік прокуратурасымен және басқа да құзырлы органдармен байланыста.

СІМ өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, қазақстандық дипломаттар марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетуді жалғастырады. Тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мән-жайлары әзірге жарияланбайды.

Пікірлер