Су тасқынынан кейін жоғалған қазақстандықтардың саны үшке жетті

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/amWQMoUH8ZknyEXhyQTeIXKULaGZTe4SgQyOUoVn.jpg

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстанның үш азаматы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұған дейін екі қазақстандық әйелдің жоғалғаны хабарланған болатын. Қазір олардың қатарынан үшінші азаматша да табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін екені анықталды. Үшеуінің де қазіргі орналасқан жері белгісіз. Қазақстандық дипломаттар Непал және Қытайдың мемлекеттік органдарымен байланыста болып, жоғалған азаматтарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, 26 тамызда Непалда жойқын су тасқыны болды. Табиғи апат салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа Гималайдағы мұздықтың ірі бөлігінің опырылып түсуі себеп болған.

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге Сицзан автономиялық ауданындағы табиғи апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент қаза тапқандардың жақындарына қолдау білдіріп, жоғалған азаматтардың отбасыларымен тезірек қауышуына үміт артатынын жеткізді.

Пікірлер