Тағы бір партияның төрағасы ауысты

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9gsVFT53rTgKICRl4XysCTIDlkzqoJUr6K7kTHAK.webp

Қазақстан Халық партиясы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетіп, оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Партияның Парламент сайлауы қарсаңында өткен съезінде бұрынғы төраға Ермұхамет Ертісбаев соңғы үш жылдағы қызметінің қорытындысын шығарып, басшылықтың ауысуы ұйым дамуының табиғи кезеңі екенін атап өтті.

Партияның ресми мәліметіне сәйкес, делегаттардың басым көпшілігінің қолдауымен Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, съезд барысында партия Жарғысының жаңартылған нұсқасы мен жаңа корпоративтік айдентикасы бекітілді.

1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген Нұрсұлтан Шоқанов KIMEP University оқу орнында «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған. Кейін IMD Business School бизнес мектебінде Executive MBA дәрежесін тәмамдаған. Еңбек жолын Ernst & Young халықаралық аудиторлық компаниясында бастаған. Кейін мұнай сервистік салада басшылық қызметтер атқарып, корпоративтік қаржы, әкімшілік және дағдарысқа қарсы басқару бағыттарына жетекшілік еткен. 2009 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қазіргі таңда қоғамдық тамақтану, азық-түлік жеткізу, бөлшек сауда, ақпараттық технологиялар, өндіріс және дистрибуция салаларында жұмыс істейтін OMIR Group компаниялар тобының директорлар кеңесін басқарады. 2021 жылдан бастап Қазақстан Халық партиясынан Алматы қаласы мәслихатының VII және VIII шақырылым депутаты болды. Онда құрылыс, сәулет, қалалық инфрақұрылым, урбанистика және жер қатынастары мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына жетекшілік етті. 2022 жылдан бері партияның Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалдарын басқарған. Ал 2023 жылы Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

Пікірлер