Ходорковский ісі. Сот сырттай үкім шығарып, 10 жыл жаза тағайындады

360
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pBlAKJjfg8vppc1mw26R9jXKfMENY4qE7K4QEARV.webp

Мәскеудің Мещан аудандық соты саясаткер әрі қоғам қайраткері Михаил Ходорковскийге сырттай үкім шығарып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Шешім Ресей Қарулы күштерін пайдалану туралы жалған ақпарат тарату ісі бойынша шығарылған. Прокуратура оған 14 жыл жаза сұраған, ал қорғау тарапы оны ақтауды талап еткен.

Сот қосымша жаза да тағайындаған, Ходорковскийге 5 жыл бойы интернетте ақпарат жариялауға, сондай-ақ сайттар мен басқа да онлайн-ресурстарды басқаруға тыйым салынды.

Қылмыстық істің негізіне 2022 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың шілдесінде жарияланған материалдар алынған. Атап айтқанда, әлеуметтік желідегі Ресейдің соғыстағы ықтимал шығындары туралы жазба және Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасына жасалған соққы жөніндегі YouTube видеосы қарастырылған.

Прокуратура бұл материалдарда Ресей армиясының әрекеттері туралы «көрінеу жалған ақпарат» қамтылған деп есептейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Михаил Ходорковский Ұлыбританияда тұрады.

Пікірлер