Қазақстандық оқушы халықаралық робототехника жарыстарында топ жарды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hkE3m4VMb5JVBqCDfRNqDqyqhgmrBUVj5G3Ksbv7.jpg

5 сынып оқушысы Тұрман Аманжол халықаралық деңгейде өткен робототехника жарыстарында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Ол 2026 жылдың наурыз айында Сингапурда өткен FIRST LEGO League Singapore 2026 чемпионатына қатысып, 2-орын иеленіп, жарыс кубогының иегері атанды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін жас өнертапқыш “Central Asia FIRST Championship 2026” Азия чемпионатында да жүлделі 3-орынды жеңіп алған. Бұл нәтиже оның командасына 2026 жылдың тамыз айында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін “FLL China Champion 2026” халықаралық турниріне қатысуға мүмкіндік берді. Алдағы додада Аманжол тағы да Қазақстан атынан сынға түседі.

Сонымен қатар, 2025 жылы Аманжол АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен XCEL халықаралық жеке жарысында Pobotixcel бағыты бойынша 1-орын иеленіп, жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдеген.

Жас қатысушының жетістіктері оның робототехника саласына деген қызығушылығы мен табандылығының нәтижесі. Мамандар мұндай жетістіктер Қазақстандағы жас буынның ғылыми-техникалық бағытқа бет бұрып келе жатқанын көрсететінін атап өтеді.

Пікірлер