Израиль Сомалилендтің тәуелсіздігін ресми түрде мойындаған алғашқы ел болды

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BGNZvJpUqTLRUltfAjyZ2J4eMWkGdgBjomfEqMze.jpg

Израиль Сомалиден бөлініп шыққан Сомалилендті тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындаған алғашқы ел атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta.ru-ға сілтеп.

Бұл туралы Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, тараптар толыққанды дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, елшілер тағайындап, елшіліктер ашуға келіскен.

 «Министрлікке екі ел арасындағы байланысты түрлі салада институционализациялау бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырдым», — деді Гидеон Саар.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сомалилендпен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және технология салаларында ынтымақтастықты дереу кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

Ал өзін-өзі жариялаған Сомалиленд президенті Мохамед Абдуллахи Израильдің шешімін тарихи сәт деп атап, елінің «Авраам келісімдеріне» қосылатынын айтты. Бұл келісімдер Израиль мен бірқатар мұсылман елдері арасында дипломатиялық қатынас орнатуға бағытталған.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейде мойындалған Сомали президенті Хамза Абди Барре Израильдің бұл қадамын елдің егемендігіне қасақана қол сұғу деп бағалады.

Израильдің шешімін Египет, Түркия және Джибути сыртқы істер министрлері сомалилік әріптесімен өткен төртжақты телефон әңгімесінде айыптады. Олар Сомалидің тұрақтылығына нұқсан келтіретін біржақты әрекеттерден сақтандырып, мұндай қадамдардың халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы тұрғысынан қауіпті прецедент қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ палестиналықтарды тарихи отанынан көшіру жоспарларын қабылдамайтынын мәлімдеді.

Пікірлер