Миллиардер Тимур Құлыбаев бақылайтын «Кипрос» ЖШС-нің Атыраудағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы өңірлік прокуратура айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, айлақ көпіріне арналған 3,46 гектар жер мемлекет меншігіне өткен.
«Ұзаққа созылған сот процестерінен кейін прокурорлық қадағалау актісі негізінде «Кипрос» ЖШС-не тиесілі Атырау қаласында пирс салуға арналған 3,46 га жер учаскесі мақсатына сәйкес пайдаланылмауына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылды, жердің нарықтық құны – 250 млн теңге құрайды»,—делінген хабарламада.
«Кипрос» ЖШС — Қазақстандағы ірі холдингтік және инвестициялық компания. Оның қызметі активтер мен инвестицияларды стратегиялық басқаруға бағытталған. Электрондық үкімет базасындағы мәліметтерге сәйкес, компанияны Айнұр Шаненова басқарады, ал құрылтайшысы — белгілі қазақстандық кәсіпкер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев.
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?