Пакьяо президенттік таққа таласады

2602
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/73a188f3-f5b2-4b23-96e7-84d3ade6d7b5.jpeg
Танымал кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, хабарлайды «Адырна» тілшісі. Спортшы "Филиппин демократиялық партиясы — халықтың билігі" (PDP-Laban) атынан шығады.
«Мен күрескермін. Рингте және одан тыс жерде де әрқашан күресемін. Ешқашан жекпе-жектен қашқан емеспін. Себебі мені ұлтымның ұстанымдары қолдайды»,– деді ол.
Айта кетейік, Президент сайлауы 2022 жылдың 9 мамырында өтеді деп жоспарланып отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments