Бүгін «Екпе ал да, пәтер ұтып ал» науқанының жеңімпазы Қайрат Қосаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы mangystaumedia.kz сайтына
сілтеме жасап.
Сонымен қатар науқанға қатысып, бағалы сыйлықтарды ұтып алған қатысушыларға сыйлықтары берілді.


Оның айтуынша, вакцинаны тек науқан үшін ғана емес, ең бірінші денсаулығы үшін алған. Осы ретте ол тұрғындарға екпе алып, сол арқылы індеттің алдын алу керек екенін айтты.

Пәтер кілтін табыстау шарасы өткеннен соң ұйымдастырушылар мен жеңімпаз 38 шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйге барып, пәтердің құрылыс жұмыстарымен танысты.
«Адырна» ұлттық порталы.