Жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды

2556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/a2cb5803b02b304f.jpeg
«Қызылорда аруы – 2017» сұлулық байқауының финалисі Гүлнұр Нұртаза Тараз қаласынан табылды. Әлеуметтік желілерде Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланған болатын. Ол 26 сәуір күні ешкімге ескертпей үйінен шығып кеткен. Бүгін полиция департаменті қыздың аман-есен табылғанын айтты. «Ол бір күн бұрын ешкімге ескертпей, Таразға кетіп қалған. Жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы», - деді полиция басқармасы. Айта кетейік, кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келген.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments