«Қызылорда аруы – 2017» сұлулық байқауының финалисі Гүлнұр Нұртаза Тараз қаласынан табылды.
Әлеуметтік желілерде Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланған болатын. Ол 26 сәуір күні ешкімге ескертпей үйінен шығып кеткен.
Бүгін полиция департаменті қыздың аман-есен табылғанын айтты.
«Ол бір күн бұрын ешкімге ескертпей, Таразға кетіп қалған. Жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы», - деді полиция басқармасы.
Айта кетейік, кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келген.
"Адырна" ұлттық порталы