Шымкент: “Миндаль қосымша білім беру” платформасы арқылы 700-ге жуық өтінім берілген

3560
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/6ec6f83f-ed68-42e1-bc5d-170825c680b8.jpeg
Шымкент қаласында ерекше маңызды деп танылатын білім саласы толығымен автоматтандырылған. Балабақшаға кезекке қоюдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласына дейінгі қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшкен. Солардың бірі - қосымша білім беру ұйымдарында енгізілген «МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Шымкент - адалдық алаңы" жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты. ««МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы арқылы ата-аналар балаларын ән-би, көркем-сурет секілді түрлі қосымша үйірмелерге жазу үшін өтінім бере алады. Осыған дейін бұл қызмет 5 жұмыс күнінің ішінде қаралып келген. Ал қазір 30 минуттың көлемінде үйірмеге қабылдануға мүмкіндігі бар», - деді Мұрат Әйтенов. Айта кетейік, аталған платформа арқылы былтыр 142 өтінім берілген, биыл 633 өтініш келіп түскен.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Comments