Ұлыбританияда коронавирус індетіне байланысты жалпыұлттық карантин жарияланды. Бұл туралы 23 наурыз кешке премьер-министр Борис Джонсон хабарлады.
Бұған дейін Италия, Испания, Франция және Еуропаның өзге бірқатар елдері осыған ұқсас шара қолданған.
Жаңа ереже бойынша, Ұлыбритания тұрғындары өте қажет жағдайда ғана үйден шыға алады. Атап айтқанда:
- Өте қажет тауарлар сатып алу үшін - неғұрлым сирек болса, соғұрлым жақсы;
- Таза ауада спортпен айналысу үшін - күніне бір рет;
- өзгелерге көмектесу үшін;
- егер үйден жұмыс істеуге мүмкіндік болмай, жұмысқа баруға тура келсе;