Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

1091
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/491805196_1244200933731568_1785014797409299686_n-960x500.jpg?token=614b684f642306b4c3ac316274d96feb

Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат Чешенстан Қауіпсіздік кеңесінің ресми сайтында жарияланды.

Адам Қадыровтың республикадағы үшінші лауазымы.

15 жасында Адам Қадыров Шешенстан басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас жетекші атанды.

Ал 2025 жылдың сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің аймақтық бөлімшесіне куратор болып тағайындалды.

27 наурызда Адам Қадыровқа тағы бір марапат берілді — ол Росгвардияның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат оған «арнайы операцияға қосқан елеулі үлесі үшін» табыс етілген.

Шешенстан басшысының ұлы Адам ұшып жүргенде екі түрлі төлқұжатты пайдаланады, олардың бірінде ол Мохьмад есімімен жазылған.

Comments