13 жастағы украиналық каратеші тұғырда ресейлікпен бірге тұрудан бас тартты

1203
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-09-at-21.10.54-960x500.jpeg?token=f9dc091d5aad7ee4b61e97b9614bac20

13 жастағы украиналық каратеші Ресей өкілімен бірге фотоға түсуден және қол алысудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мексикадағы Гвадалахарда өткен жасөспірімдер арасында карате лигасының кезеңінде 2-13 жас аралығындағы ұлдар арасында 45 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 13 жастағы украиналық каратеші Евгений Мельник қола медаль жеңіп алған.

Алайда ол  сыйлық тапсыру рәсімінде Ресей өкілімен бірлескен фотосессиядан және қол алысудан бас тартып, кетіп қалған.

Әлеуметтік желіде таралған бейнеден ұйымдастырушылардың қайта шақырғанына қарамастан кетіп қалғанын байқауға болады

Comments