Назым Қызайбай үш дүркін Әлем чемпионы атанды

1205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/6931305b-03aa-47d6-95ee-360530f115cc-960x500.jpeg?token=34c73e15378f6538d8b67a0b5eec2d74
2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіске жеткен еді Мемлекет басшысы Назым Қызайбайдың отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Comments