Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

1405
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

30 желтоқсанда Астана уақытымен 01:14-те Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 4 баллды құрады. Эпицентр 46 шақырым тереңдікте болған. Алайда тұрғындар жер дүмпуін сезбеген.

«Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класс К=10.9. Тереңдігі h=11 шақырым»,—делінген хабарламада.

Comments