Бибісара Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

2700
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/3f3d83f6-4fac-401b-8fcd-22beb9d7b81f.jpeg
Қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева Алматыда шахматтың блиц түрінен өткен әлем біріншілігінде әйелдер арасында чемпион атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Блиц – шахматтың жылдам ойнайтын түрі. Бүкіл партияға 1-ден 10 минутқа дейін беріледі. 18 жастағы Бибісара Асаубаева — Тараз қаласының тумасы. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер және ерлер арасындағы IM ФИДЕ халықаралық шебері. Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы Варшавада (Польша) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Comments