Қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева Алматыда шахматтың блиц түрінен өткен әлем біріншілігінде әйелдер арасында чемпион атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Блиц – шахматтың жылдам ойнайтын түрі. Бүкіл партияға 1-ден 10 минутқа дейін беріледі.
18 жастағы Бибісара Асаубаева — Тараз қаласының тумасы. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер және ерлер арасындағы IM ФИДЕ халықаралық шебері.
Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы Варшавада (Польша) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.