Медеу ауданында 4 медициналық мекеме ашылады Алматы қаласына қарасыт ауданда 4 бірдей медициналық мекеме ашылады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Адырна тілшісі. Оның айтуынша, денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, «Кеңсай» ықшамауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Алатау» ықшамауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау2023 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ, «Думан» ықшамауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отыр, және Горный гигант ықшамауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар «Mediker Hospital International» жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды деп күтілуде.

1448

Алматы қаласына қарасты ауданда 4 бірдей медициналық мекеме ашылады. деп хабарлайды «Адырна» тілішсі.

Аталған бастама  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудында айтқан  «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», - деген сөзімен астасып жатқан кешенді жоспар.

Президент өзінің Жолдауында: «Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады»,-деп айтқан еді.  Жалпы, медицина саласының дамауы, аудан мен қала үшін біредей маңызға ие. Сондықтанда, дені сау ұлтты қалыптасытру жорлында аталған бағыттағы мәселелер күн тәртібінен түспесі анық.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде, денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүріп жатқандығын атап өткен болатын.

Оның айтуынша, бүгінгі күні  «Кеңсай» ықшамауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар   «Алатау» ықшамауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау2023 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ,   «Думан» ықшамауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отыр, және Горный гигант ықшамауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар «Mediker Hospital International»  жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды деп күтілуде.

 

Comments
Editor's Choice