Мәсімов ісіндегі 3 миллион доллар елге қайтарылды

2746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/3be185cb-a256-43ff-b4a5-8520e16efbea.jpeg
Кәрім Мәсімов ісіндегі 3 миллион доллар елге қайтарылды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтарылды»,— деп түсіндірді ведомство.
Comments