Нұр-Сұлтанда әйел 7-қабаттан құлап кетті

3137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/0fb89f2c-6429-475a-aff9-2995f3af2243-960x500.jpeg?token=1b7db9946792e5f2c576e43e5db40e9d
Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел 7-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қалалық ПД-ның айтуынша, қайғылы оқиға Достық көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
«Елорда тұрғыны алған жарақаттарының салдырынан оқиға орнында көз жұмды. Ол құлаған кезде марқұмның туыстары үйде болған. Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады»,– деді ведомство.
Comments