Нұр-Сұлтанда ірі дүкен өртенді

9512
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда дүкен өртенді, - деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің пультіне сағат 08.54-те Мәңгілік Ел даңғылы, 19/2 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндірушілер келген уақытта «Cotton» дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт орнында жеке құрамның 22 адамы мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Өрт 09.22-де оқшауланғаны атап өтілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер