Шымкентте мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды

543
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jm1kNRHr7co5KKvpqRBYSzciFEQRpZPrRMAqe6rR.png

Жамбыл облысындағы 6506 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Қаралы хабарды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әскери қызметкер қызмет барысында медициналық көмекке жүгініп, Шымкент қаласындағы медициналық мекемелерде дәрігерлердің бақылауында болып, тексерулерден өткен. 6 қаңтар күні оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сарбаздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Алдын ала қойылған диагноз — жедел лейкоз.

«Ұлттық ұланның қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Пікірлер