Маңғыстауда жағдай тұрақталды - Ерлан Қарин

2152
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақты екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биылғы 4-8 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында болдым. Онда ахуалды тұрақтандыру жөніндегі өңірлік штабтың жұмысын үйлестіруге атсалыстым. Аймақтағы ахуал қазір тұрақты. Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің барлығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары жағдайды толық бақылауда ұстап тұр. Қоғам белсенділерінің арқасында билік пен наразылық білдірген азаматтардың арасында конструктивті диалог орнықты. Осы өңірде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) әскері орналасқан деген қауесет шындыққа жанаспайды. Облыстағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге өз еліміздің қарулы күштерінің және Ұлттық ұланның бөлімшелері ғана жұмылдырылған - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер