Жаңаөзенде жұмыссыз жүргендер аштық жариялады

3448
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзенде жұмыссыз жүрген шерушілер бірнеше апта бойы жергілікті атқарушы органдардан бос жұмыс орындарын тез арада беруді талап етті. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы “Orda.kz” сайтына сілтеме жасап.

Жаңаөзенде 31 қаңтардан бері  жұмыссыз азаматтар наразылық акциясын өткізіп жатқан болатын. Олар  15 наурыздан бастап аштық жариялады. Айтуларынша,  мұнай саласына тұрақты жұмысқа орналастыру талаптарының орындалмай жатқанын көрінеді.

Маңғыстау облысы әкімдігінде мұнай-газ саласының барлық тұрғындарын бір мезгілде орналастыру әзірге мүмкін емес деп отыр.

«Өзенмұнайгаз құрылымында жұмысқа қабылдаудың белгілі бір алгоритмі бар. Аштық жариялаған 19 адам жалпы кезекті айналып өтіп, «Өзенмұнайгазда» орналастыруды талап етіп отыр. Бұл мүмкін емес. Басқа жұмысқа үміткерлерге әділетсіздік болады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, биылғы жылы Жаңаөзен қаласында 2570 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. 1434 тұрақты және 1136 уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі», - деп жауап берді Маңғыстау облысының әкімдігі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер