Ресейдің «КСРО-ны қайта жаңғырту» туралы жоспары жоқ, қаласа да, мүмкін емес - Матвиенко

4731
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің «КСРО-ны қайта жаңғырту» туралы жоспары жоқ, тіпті ол қаласа да, мүмкін емес. Бұл туралы Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Біріншіден, мұны біреу қаласа да, бұл мүмкін емес. Екіншіден, біз ешқашан мұндай империялық амбицияларды көрсетпедік. Болды. Пойыз кетті, - деп мәлімдеді Матвиенко.

Естеріңізге сала кетейік, осы айда Ресей президенті Владимир Путин КСРО-ның ыдырауын трагедия деп атады. Оның айтуынша, бұл оқиға тарихи Ресейдің күйреуі болды. Ел аумағының 40 пайызынан айырылды, соның нәтижесінде Ресей мүлде басқа елге айналып, мыңдаған жылдар бойы дамыған нәрсе айтарлықтай дәрежеде жоғалды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер