22-25 желтоқсанда Қазақстан халқының V Спартакиадасы өтеді

3176
Adyrna.kz Telegram

22-25 желтоқсан аралығында «Шымбұлақ» тау шипажайында Қазақстан халқының V Спартакиадасы өтеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жарыс бағдарламасында могул, тау шаңғысы, акробатика, сноуборд сияқты спорт түрлері бар.

Шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті (ҚР ҰОК).

Жарысқа Қазақстаннан 25 жасқа дейінгі 200-ге жуық спортшы ҚР ҰОК резервтік құрамасына одан әрі іріктеу үшін қатысады.

 

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер