Шымкентте бұқаралық спорт дамып келеді

2031
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, үшінші мегаполистегі А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында бұқаралық жүгіру спорттық  іс-шарасы өтті. Спорттық бәсекеде санитарлық талаптар толық сақталды. 

Бұқаралық жүгіру спорттық іс-шарасына қала тұрғындары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқармаға қарасты спорт мекемелерінің қызметкерлері, жалпы 400-ге жуық адам қатысты.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов сайысты салтанатты түрде ашып бергеннен кейін, қатысушылар патриоттық әндер тыңдап, 7 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Шараға қатысушылардың қарасы қалың болды. Бұл Шымқалада жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты серік етушілердің көбейіп келе жатқанын аңғартады.

Сонымен сайыс нәтижесінде Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының жаттықтырушысы Бақдәулет Рисабеков мәреге бірінші болып жетті.

Мәреге алдыңғы қатарда келген қатысушылар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Пікірлер